Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
4376 0 пікір 1 Наурыз, 2019 сағат 11:22

Қазақстан Қырғызстаннан келетін көкөніс, жеміске шектеуді алып тастауға дайын

Астанада Қырғызстан мен Қазақстан үкіметі арасында қырғыз ауыл шаруашылығы өнімдеріне тыйым салуға қатысты келіссөздер өтті. Қазақстан тарабы шектеуді алып тастауға даяр екенін мәлімдеген.

Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар Қырғызстанда фитосанитарлық бақылауды күшейтуге байланысты жол картасына қол қойған. Құжат 17 бөлімнен тұрады. Ондағы келтірілген талаптар 2019 жылдың шілде айына дейін жүзеге асырылуы тиіс.

Қырғызстан Қазақстаннан картоп, алма және құрма экспортына тыйымды алып тастауды сұраған. Қазақстан өз кезегінде қырғыз фитосанитарлық қызметі 2018-2019 жылдары анықталған 465 заңсыздықты ретке келтірсе, санкцияны алып тастауға уәде еткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1524
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3145
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1135
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1053