Жексенбі, 24 Қараша 2024
2885 26 пікір 4 Ақпан, 2019 сағат 11:57

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 200 отбасы қоныс тойын тойлаған

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2018 жылдың наурыз айында Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты Қазақстан Халқына үндеу жариялаған болатын. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бұл бастама үлкен қолдауға ие болды. Мұндағы ең бірінші бастама – “Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру” деп аталады.

Осы бағдарламаның негізінде, былтыр оңтүстік астанада «Алматы жастары» бағдарламасы қабылданды. Нәтижесінде, 200 отбасы қоныс тойын тойлаған.Ал, тұрғын үй бағдарламасын іске асыру үшін қазынадан 2 миллиард теңге бөлініпті.

Сондай-ақ, үй кезегінде тұрғандардың тізімі 8 мың орынға жылжып, алты мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлаған. Қалған екі мың адам тұрғын үй кезегінің тізімнен шығарылған. Олар - басқа өңірге көшкендер, бюджеттік мекемеден жекеге ауысқандар және өз қаражаттарына баспана алғандар.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев арендалық негіздегі 40 мың баспана салуды да тапсырған болатын. Ол үшін жыл сайын 50 миллиард теңге бөлінетін болады. Ал, ол пәтерлер аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен толық емес және кірісі төмен жанұяларға қолжетімді болу керектігі айтылған.

Ал, жастарды үймен қамту жұмытары қалай жүзеге асып жатыр?

Бүгінде елімізде 29 жасқа дейінгі 4 млн. азамат бар десек, олардың 62 % баспанаға мұқтаж екен. Ол үшін “7-20-25” бағдарламасының алдында “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын.

Ал,  Үкіметтің 2018 жылғы 22 маусымдағы қаулысымен «Нұрлы жер» бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізілді. «7-20-25» енгізілуіне байланысты тұрғын үй бағдарламасынан қол қойылған келісімшарттар бойынша субсидиялар төлеу жөніндегі міндеттемелерді сақтай отырып, азаматтардың ипотекалық несиелерін субсидиялау бағыты алып тасталды.

Ал, «7-20-25» бағдарламасымен «Нұрлы жердің» тұрғын үйін қалай сатып алуға болады?

Негізінен, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтердің жалпы аумағы 80 шаршы метрден аспауы тиіс. Осыған байланысты, көбінесе 1-2-3-бөлмелі пәтерлер салынады.

Әкімдіктер арқылы қолжетімді пәтерді «7-20-25» арқылы сатып алар жағдайындағы ай сайынғы төлемдердің болжамды есебі бойынша,  Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларындағы пәтерлер ай сайынғы төлем, теңгемен, қарыз мерзімі 25 жыл болған кезде:

1-бөлмелі (37 ш.м жоғары) 37 317 тг.

2- бөлмелі (50 ш.м жоғары) 50 888 тг.

3- бөлмелі (65 ш.м жоғары) 66 154 тг.

Басқа өңірлердегі пәтер ай сайынғы төлем, теңгемен (қарыз мерзімі 25 жыл болған кезде)

1-бөлмелі (37 ш.м жоғары) 29 400

2- бөлмелі (50 ш.м жоғары) 39 579

3- бөлмелі (65 ш.м жоғары) 51 453 мөлшерді құрайды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «7-20-25» бағдарламасы бойынша 43,7 млрд теңге сомасына 3600 несие берілген. Барлығы 92 млрд теңгеден астам көлемде өтінім түскен.

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572