Жексенбі, 24 Қараша 2024
2897 0 пікір 4 Наурыз, 2019 сағат 17:27

Қ. Тоқаев дипломатиялық корпустың өкілдерін қабылдады

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения, Қырғызстан, Түрікменстан және Жапония елдерінің Қазақстандағы елшілерін
олардың өтініштері бойынша қабылдады.

Сенат Төрағасы Арменияның Қазақстандағы жаңа елшісі Гагик Галачянды қабылдау барысында Арменияның кезектен тыс парламенттік сайлауды табысты өткізуімен құттықтады және біздің елдеріміздің заң шығару органдары арасындағы достық қатынастарды жалғастыруға ықыласты екенін жеткізді. Қ.Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда армян мемлекеті мен оның халқына, мәдениеті мен салт-дәстүріне жылы шырайлы көзқарасты берік ұстанады. Қазақ және армян халықтары арасында ежелден достық дәстүрі қалыптасқан, сондықтан, Парламентің жоғарғы Палатасының Төрағасы ғасырлар қойнауына кететін мәдени байланыстар мен ынтымақтастықты зерттеу жұмыстарының маңызы зор деп санайды. Қ.Тоқаев Қазақстан мен Арменияның ЕҚЫҰ мен ЕАЭО-дағы, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдардағы өзара іс-қимылы басымдыққа ие екенін атап өтті.

Қ.Тоқаев Қырғызстан елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның заң шығару органдарының ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы тығыз ынтымақтастығын жоғары бағалады. Сенат Төрағасы сауда-экономикалық және мәдени гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Кездесуге қатысушылар аймақтағы, оның ішінде ежелгі Жібек жолы аясындағы туристік бағыттарды одан әрі дамыту мүмкіндіктері туралы пікір
алмасты.

Қ.Тоқаев пен Түрікменстанның Елшісі Тойлы Көмеков екі жақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасты. Сенат Төрағасы 2018 жылдың тамыз айында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға Ақтауда қол қойылуы негізінен екі елдің тиісті мекемелерінің өзара нәтижелі ынтымақтастығының көрінісі деп санайды. Каспий маңы мемлекеттерінің екіжақты және көпжақты сипаттағы саяси, сауда- экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатын бұл құжатты Қазақстан мен Түрікменстан парламенттері ратификациялаған болатын.

Қ.Тоқаев Жапонияның Елшісі Тацухико Касайды Астанадағы жұмысының басталуымен құттықтады және оның қызметі саяси үнқатысуды одан әрі ілгерілетуге, сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарға қарқын қосуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Сенат Төрағасы Президент Н.Назарбаевтың 2016 жылы Жапонияға жасаған сапарының қорытындылары жөніндегі Декларацияда біздің елдеріміздің басшылары екіжақты қатынастарды жаңа сапалық деңгейдегі кеңейтілген стратегиялық әріптестікке шығаруды нақтылағанын еске салды. Қазақстан мен Жапонияда жер жүзінде ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастықтың мол тәжірибесі жинақталды. Жүздесушілер парламентаралық үнқатысуды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін де талқылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының Баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588