Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2365 0 пікір 16 Маусым, 2009 сағат 06:34

Қасиетті қармақшының қойнауында “қара алтын” қоры көп

Сыр бойындағы Қармақшы ауданының басқа өңірлерден бір айырмашылығы Жосалы кентінде мұнай құю терминалы мен мұнай тасымалданатын вагон-цистерналарды жуу станциясы жұмыс істеп тұр. Ауылшаруашылығы саласымен айналысатын аудан аумағынан Қызылқия-Арысқұм-Майбұлақ (КАМ) кеніштерін жалғайтын қосымша құбыр жүргізіліп, терминалдық кешен пайдалануға берілген-ді. Негізгі меншік иесі "ҚазақстанҚұмкөлРесорсиз" акционерлік қоғамы болғанымен белгілі бір мөлшердегі пайызын ресейлік "Лукойл" мұнай компаниясына қарасты "ТорғайПетролеумның" үлесі құрайтындықтан барлық жұмыстар консорциумдық бағытта жүргізілген. Сонау батыстағы мемлекеттердің сұранысына сай мұнай экспорттайтын айналма жолды жоғары қысымдағы жаңа желі арқылы 1300 шақырымға қысқартудың тиімді екендігін түсінген қуатты қомпанияның басшылары бұл құрылысты жүргізуге 77 млн. долларды құрайтын қомақты қаржы бөлгендерін білдік. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында алғаш рет қолға алынған кешендік құрылымның заманауи үлгідегі шетелдік құрал-жабдықтармен жарақтандырылуының мәнісі осында болса керек.

Алғашқы 22100 баррель "қара алтынды" 49 цистернамен Атырауға жөнелтіп, ары қарай Самара қаласы арқылы Еуропа жеріне жеткізген Жосалы терминалының бүгінгі таңда әр ай сайын 80-90 мың тонна өнімді тасымалдайтын мол мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде осы межені толықтай орындап отырған іргелі ұжым мүшелері көршілес оңтүстік өңірдегі Шымкент мұнай өңдеу зауытын да 15 мың тонна шикізатпен тұрақты қамтамасыз етіп келеді.

- Бұл екі кәсіпорынның ірге көтеруі аудандағы өндірісті дамыту арқылы экономиканы ілгерілетуге жол ашты. Және де тұрғылықты халықтың еңбекпен қамтылуына септесіп тұр, - деді өз әңгімесінде аудан әкімі Биғали Қаюпов. - Әр ауысымдағы 90 адамның 60-65 пайызын қармақшылықтар құрайды. Жұмыс екі ауысымда атқарылады десек, үлес салмағымыздың қаншалықты екендігін есептей беріңіз.

Екі жақтың басшылығы да Елбасының биылғы Жолдауын нақты қолдаулары ретінде дағдарысқа қарсы шаралар аясында ұжым мүшелерін қысқартқан жоқ. Біліктілігін көтеру үшін сырттай оқып жүргендердің төлем ақысына жәрдемдесіп, аз қамтамасыз етілген отбасыларды әлеуметтік қорғауға алған мұнай компаниясы екінші кезеңнің өндірістік жобаларын жасауда. Демек олар бұған дейін шикізаттық өнімді вагон-цистерналарға құюмен ғана шектеліп келсе, енді алдағы уақытта мұнайды Құмкөл арқылы "Атасу -Алашанқай" трансшекаралық құбырға қоспақшы. Еуразия аймағы үшін стратегиялық маңызы зор және еліміздің көмірсутегі тасымалындағы басты бағыт болып саналатын бұл жаңа желі Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының Қытай Халық Республикасы басшылығымен келіскен тарихи уағдаластықтың бірегейі болатын. Жаңа технологияларға сәйкес мұнай тасымалданатын вагондарды экологиялық жағынан зиянсыз қоспалармен жуып тазалайтын арнайы зауыт тұрғызған жауапкершілігі шектеулі "БИС"серіктестігінің де даму бағытындағы өзіндік ізденістері бар. Егер олар тарапынан мұнай өңдейтін зауыт ашылса, аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарын толықтай дизель отынмен қамту көзделген. Жобалық құны 1,5 млрд. теңгеге бағаланған станцияны уақытылы іске қосқан кәсіпорындағы 120 адамның күшімен бүгінгі таңда тәулігіне 150 вагон тазартылуда. Одан алынған өндірістік қалдықтарды мазут деңгейіне дейін қайта өңдеу арқылы Байқоңыр қаласындағы жылу орталығына сату арқылы пайдаға жаратқан "бистіктердің" де алдағы алар асуы аз емес сияқты. Компания жетекшілерінің ұтырлы ұсыныстары аудан әкімшілігі тарапынан нақты қолдауға ие болып, іскерлік байланыстар бойынша тараптардың мүддесіне сәйкес келетін ортақ мәселелерді бірлесе шешудің жолдары анықталуда. Қосымша нысандар құрылысы салынып, компаниялардың керегесі кеңейсе техникалық салаға маманданған жоғары білімді кәсіп иелері мен басқа да азаматтарға жұмыс табылады емес пе? Сондықтан аудан әкімшілігі мұнай мен газ саласына қажетті орта буын мамандарды жергілікті №12 кәсіптік лицейдің базасында дайындаудың қамына кірісті.

Биғали Әбдікерұлының айтуынша мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жұртшылық жағдайын жақсарту жолында бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және кәсіпкерлікті қолдау басымдықтары бойынша атқарушы билік органдары басшыларына жүктеген тапсырмалардің орындалуында осындай батыл бастамалар бар.

Осы өңірдің жер астына әр жылдары жасалған түрлі геологиялық зерттеулердің алдына-ала болжанған деректері арқылы Қорқыт бабамыз мәңгілік мекен еткен қасиетті де киелі топырақтың құтты қойнауында мұнай қоры барын білетін қармақшылықтар қуатты компаниялардың қарқынды қадамынның сәтімен сабақтасарына сенімді. Себебі жергілікті өндіріс орындарының жоғарыдағы жобаларына кенішті игерудің мақсатты міндеттері  ұштасқан кезде әріден бергі ата кәсіп ретінде ақ маржанды мәпелеудегі мәрттігімен аймақтағы әріптестерінің алдыңғы сапында тұрған еңбекшіл жұрт болашақта өндірістік саланың биік белестерін бағындыру арқылы тәуелсіздігіміздің тайқазанын толағай табыстармен толықтара түсері даусыз.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ.

Қызылорда облысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588