Жексенбі, 24 Қараша 2024
3087 6 пікір 6 Наурыз, 2019 сағат 10:49

Білім министрі: оқулықтарда кемшіліктер бар

Мектеп оқулықтарында кемшіліктер бар. Сондықтан оқулықтарды басып шығаруға жіберген кезде, қоғамның сынына қалады. Осылай деп Қазақстанның жаңадан тағайындалған білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлімдеді.

«Көріп тұрсыздар, оқулықтарда кемшіліктер бар. Бірер күн бұрын ресубликалық комиссия жұмысын аяқтады. Комиссия кейбір оқулықтарды қайта түзетуге жіберді», - деді Күләш Шәмшидинова.

Министрдің сөзінше, оқулықтар басып шығаруға жібермес бұрын, былтырғы жылдағыдай қоғам талқылауынан өтеді.

«Мәселен, концептуалдық негізде білім беретін фин білімін білеміз. STEAM-білім беру деген бар, яғни математика, информатика, химия, физика және биология пәндерінің интеграциясы. Осының есебінен балалардың сабағын жеңілдетуге болады. Пәндер бірін-бірін қайталамай, оларды дамытуға арналу керек», - деп мәлімдеді білім министрі.

"Оқулық" республикалық ғылыми-тәжірибе орталығының мәліметі бойынша, Қазақстанда былтыр 2412 кітап мақұлданып, 1613 оқу құралы комиссия іріктеуінен өтпеген.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578