Жексенбі, 24 Қараша 2024
4024 9 пікір 6 Наурыз, 2019 сағат 14:58

Елбасы: көпбалалы аналар мемлекеттің қамқорлығын сезінуі қажет

Бүгін Астанада алқа-қотан жиын өтті. Оған Елбасы Н.Назарбаевтың өзі төрағалық етті. Жиылысқа қатысқандар елдегі әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелерін талқылады. 

Елбасы төрағалығымен өткен жиынға Үкімет басшысы Асқар Мамин, Президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешев, вице-премьер-министр Гүлшара Әбдіхалықова қатысқан.

Жиынды ашып, сөз сөйлеген Елбасы Н.Назарбаев халықтың әл-ауқатын арттыру мен тұрмыс сапасын жақсарту үшін қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыруға тоқталды.

Қазіргі күн тәртібінде қаралуы тиіс - көп балалы аналардың жағдайын да сөз етті. Үкіметтен бөлінетін атаулы әлеуметтік көмекті 1 сәуірден бастап беруді тапсырды.

"Көмекке аса мұқтаж табысы аз азаматтар, көпбалалы отбасылар биылғы 1 сәуірден бастап әлеуметтік көмекті алуы тиіс", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы мемлекеттік органдар басшылары мен облыс әкімдерінің жұмысын бағалау азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасы деңгейіне тікелей байланысты болатынын атап өтті.

Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегіне де жетпейтін азаматтарға тағайындалады. Ал бүгінгі таңда кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызын немесе 14 849 теңгені құрайды.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, енді кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 емес, 70 пайызын құрайды. Демек, бұл 20 789 теңге деген сөз. Яғни, осыған дейін атаулы әлеуметтік көмек алып жүргендердің қолына 14 849 теңге тисе, енді 20 789 теңге берілмек.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5574