Жексенбі, 24 Қараша 2024
4069 1 пікір 7 Наурыз, 2019 сағат 14:28

Габриель Гарсиа Маркестің "Жүз жылдық жалғыздығы" желісінде бірінші рет кино түсірілмек

Америкалық "Нетфликс" стримингтік қызметі әлемге танымал жазушы Габриель Гарсиа Маркестің "Жүз жылдық жалғыздық" романы негізінде фильм түсірмек. Бұл жайында онлайн кино көрсету қызметі Твиттердегі парақшасында жариялады.

1967 жылы жарық көрген роман бірінші рет экранизацияланады. 2014 жылы өмірден өткен жазушының отбасы оның шығармасын кинематографияда пайдалануға қарсы болып келген.

Енді белгілі болғандай, жазушының ұлдары Родриго мен Гонсало кинокартинаның бас продюсерлері болмақ. Сериалды негізінде Колумбияда түсірмек, тілі - испанша болады.

"Әкеміз ондаған жыл бойы "Жүз жылдық жалғыздық" шығармасына кино түсіруге қарсы болып келген еді, ол фильм шығарманы баяндау үшін өте қысқа жанр деп есептеген. Мұнан бөлек фильмді испан тілінен өзге тілде түсіру мүмкін емес деп келген", – дейді жазушының ұлы Родриго Гарсиа Variety басылымына.

Жазушының ұлы қазір сериалдардың "алтын ғасыры" екенін атап өтіп, әкесінің шығармасын осы кезеңде түсіру керектігін айтқан.

Габриель Гарсиа Маркес "Жүз жылдық жалғыздық" шығармасы үшін Нобель сыйлығының иегері атанды. Бүгінгі күнге дейін бұл романы әлемнің 46 тіліне аударылып, 50 млн данасы сатылған деп жазады The New York Times.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602