Жексенбі, 24 Қараша 2024
3144 1 пікір 13 Наурыз, 2019 сағат 10:07

Көп балалыларға тұрғын үй салуға 100 млрд теңге бөлінеді

12 наурыз күні Елордада Үкімет отырысы өтіп, ҚР вице-премьер-министрі, Қаржы министрі Әлихан Смаилов көп балалы отбасыларға жалға берілетін тұрғын үй салуға 100 млрд теңге бөлінетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Жақында ғана өткен бас партия "Нұр Отанның" сьезінде Нұрсұлтан Назарбаев "Әлеуметтік қамқорлық" бағдарламасы бойынша әлеуметтік шараларды іске асыру үшін мемлекет бюджетінен 444,3 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Кешегі Үкімет отырысында да 2019 жылғы бюджетке енгізілетін өзгерістер талқыланды.

Әлихан Смаилов, ҚР вице-премьер-министрі, Қаржы министрі:

- 2019 жылғы бюджетке енгізілетін өзгерістер енгізіліп, Елбасы әлеуметтік шараларды іске асыру үшін мемлекет бюджетінен 444,3 миллиард теңге бөлуді тапсырды. "Осы қаржыдан аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу және Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жеңілдетілген кредит беруге 100 млрд теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта "ҚР азаматтарының жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейтуге" 224,3 млрд теңге бөлінеді. 

Әлихан Смаилов басқаратын ҚР Қаржы министрлігі бірінші бағыт бойынша жоғарыда айтылған жалпы сомасы 444,3 млрд теңгеге мына жобаларды жүзеге асырмақ.

Біріншіден, «Нұр Отан» партиясының съезінде айтылған «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шаралары іске асыру мақсатында 224,3 млрд теңге азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейтуге жұмсалады.

Екіншіден, 100 млрд теңгеге аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға жалға берілетін тұрғын үй салынады. Осы мақсатқа жету үшін министрлік Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жеңілдетілген кредит беруді жоспарлап отыр.

Үшіншіден, 90 млрд теңге өңірлік инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.

Төртіншіден, 30 млрд теңге «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруға бағытталады.

ҚР вице-премьер-министрі, Қаржы министрі Әлихан Смаилов екінші бағыт бойынша да атқарылатын жұмыстар жайлы да баяндады. Бұл бағыт бойынша 24,6 млрд теңге «Жастар жылын» өткізу аясындағы іс-шараларды жүзеге асыруға жұмсалмақшы.

Әлихан Смаилов үшінші бағытта жұмсалатын қаржының жайына да тоқталды. Бұл бағыт бойынша Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің 2017 және 2018 жылдардағы Жолдауларында айтылған бастамаларды іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 286 млрд теңге қарастырылған. Осы 286 млрд теңге  аясында Алматы қаласының және Түркістан облысының кешенді дамуына мүмкіндік тумақ. Мұның сыртында, Астана қаласына «Сарыарқа» газ құбырын, ғылыми-онкологиялық орталық құрлысын салу жұмыстары жоспарда бар.

Қаржы министрі мұнымен қоса осы қаржы аясында ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды іске асыру жоспарлап отырғанын, Нұрсұлтан Әбішұлы берген тапсырмалардың барлығы қаржылай қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5605