Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4391 4 пікір 13 Наурыз, 2019 сағат 13:25

Жапонияда 16 мың теңге жайлы сөз болса...

2017 жыл, 26 сәуір. Жапонияның табиғи апаттан кейін қалыпқа келтіру министрі Масахиро Имамура отставкаға кетті. Оған себепкер болған жайт 2011 жылғы цунами жайлы мәлімдемесі еді. Ол "цунамидің Тохоку аймағында болғаны жақсы болды, егер астанаға жақын болғанда, онда тіпті адами және қаржылық шығын көп болар еді" деген болатын. Бұл сөзі Тохоку жұртын бір ренжітті. Әрине, аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі. Билік министрді арқадан қағып, "бара ғой айналайын" деп отставкаға жіберді. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ министрдің ақылсыз сөзі үшін, Тохоку тұрғындарынан кешірім сұрады.

Енді ойлап отырмын, Жапонияда бір министр "көп балалы отбасыға 16 мың теңге тым көп" десе не болар еді. Отставка былай тұрсын, билік бір аралға ол байғұсты балық аулауға жіберетін шығар.

ПыСы: Айтпақшы, Мадина Әбілқасымова Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Құтты болсын!

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5624