Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
3478 0 пікір 18 Наурыз, 2019 сағат 10:59

НАТО-ның қорғанысқа бөлген қаражаты шамамен 4 пайызға өсті

НАТО жөнінде одақтастар қорғанысқа бөлген қаражатын әлдеқайда ұлғайтты, әсіресе Литва, Латвия, Эстония, Польша және Нидерланды бұл мәселеге ерекше назар аударған. Мәліметтер НАТО-ның жыл сайынғы есебінде жарияланды.

2018 жылдың есебін НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг таныстырды. Ол әскери альянстағы одақтастардың қорғаныс саласына бөлген қаражаты соңғы бес жылда шамамен төрт пайызға өскен. "Қауіпсіздік үшін одақтастар бірге әрекет етуге ерекше ден қойды", – деп мәлімдеді Столтенберг.

АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылы НАТО құрамындағы еуропалық одақтастарынан ұйым бюджетіне қаржылай үлесін ұлғайтуды сұраған. Дегенмен, ұйымның бар болғаны алты мемлекеті - Эстония, Грекия, Польша, Латвия, Литва және Ұлыбритания қорғанысқа бөлінетін қаражатты ІЖӨ-нің екі пайызына жеткізген.

Есепте келтірілген мәліметтер бойынша, НАТО елдері 2018 жылы қорғаныс саласына шамамен бір триллион доллар жұмсаған. ​Оның шамамен 70 пайызы АҚШ үлесіне тиесілі, Құрама Штаттар өзінің ІЖӨ-нің 3.39 пайызын қорғанысқа бөледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 697
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668