Жексенбі, 24 Қараша 2024
2279 0 пікір 18 Наурыз, 2019 сағат 11:53

А. Мамин Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан қаласында Мемлекет басшысының қаланы дамыту туралы тапсырмасын іске асыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ел Үкіметінің ресми сайты.

Кеңес барысында қалада өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету және құрылыс салу, оның ішінде инженерлік инфрақұрылым жүргізу, сондай-ақ экономика және бизнестің, туризмнің өсуінің жаңа бастауы ретінде дамыту перспективалары қаралды.

«Елбасы өзінің тарихи шешімімен Түркістан облысын құрып, Түркістан қаласын жаңа облыс орталығы ғана емес, сонымен бірге бүкіл түркі дүниесінің мәдени-рухани орталығы ретінде де дамытуды тапсырды», — деп А. Мамин, "Мемлекет басшысының стратегиялық шешімінің арқасында бұл аймақтың өркендеуіне қарқынды серпін берілгенін" атап өтті.

Премьер-Министр Түркістанда ауқымды құрылыс жұмыстары басталғанын айтты. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет тарапынан нақты шаралар қолға алынған. Мәселен, бюджетті нақтылау аясында құрылысқа қатысты барлық ұсыныстар қолдауға ие болып, қажет қаржы толығымен берілетін болды, жобаларды іске асыру арқылы инженерлік-коммуникациялық, көлік инфрақұрылымын жүргізу қамтамасыз етіледі, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жұмыстары атқарылып жатыр.

Түркістанда құрылыс жүргізу бойынша Президент тапсырмаларын орындау барысы және қаланы дамыту бойынша бұдан кейінгі жоспарлар туралы Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев баяндады. Мәдениет және спорт вице-министрі Е. Кожағапанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі — Қ. Өскенбаев, энергетика вице-министрі — М. Мырзағалиев, өз кезегінде, тарихи-мәдени орталықты абаттандыру, ЮНЕСКО-мен жоспарланған реконструкция жұмыстарын келісу барысы, көл-көлік инфрақұрылымын және ТКШ нығайту, сумен жабдықтау және су тарту, газбен, жылумен және электр қуатымен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев Smart City жобасын дамыту жоспарлары туралы мәлімдеді.

Елбасы тапсырмасына сәйкес еліміздің әрбір өңірі Түркістан қаласында жекелеген инфрақұрылымдық жобаларды әзірлеумен және салумен айналысып жатқанын айта кеткен жөн. Осыған байланысты, Премьер-Министр селекторлық режимде облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінің атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамаларын тыңдады. Сондай-ақ, кеңес барысында облысты дамытуға және нысандарды салуға белсенді түрде қатысып жатқан құрылыс компанияларының басшылары сөз сөйледі. Олардың қатарында, Build Investment Group холдингінің президенті А. Рахымбаев, Highvill Kazakhstan бас директоры Канг Джон Дэ, «Базис-А» директоры А. Белович, «Мабетекс групп» президенті А. Паколли, Sembol Construction АҚ техникалық департамент директоры Й. Сельджук болды.

«Мемлекет басшысы Түркістан қаласының дамуына ерекше көңіл бөліп отыр», — деп Премьер-Министр «әрбір нысанға жауапты нақты басшы бекітілгенін, оны орындаудың нақты мерзімі белгіленгенін» атап өтті.

Алға қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлесімді жұмыс атқару керек. Барлық өңірлердің қажетті ресурстары бар.

«Біз ортақ күш-жігерімізді жұмылдырып, Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды іске асыруға бірден кірісуіміз керек», — деп А. Мамин, Түркістанды аса дамыған облыс орталығына және үлкен туристік, мәдени және рухани орталыққа айналдыру қажет екенін айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5646