Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2720 0 пікір 27 Мамыр, 2011 сағат 04:32

Қазақстанның ЕҚЫҰ мен ИКҰ-ға төрағалық етуі біздің елімізге мұсылман әлемі мен Батыс арасындағы диалогты нығайтуға мүмкіндік береді - Бангладеш СІМ

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - 25 мамыр күні Дакка қаласында Қазақстан Республикасының елшісі Бақытбек Шабарбаев Бангладеш Халықтық Республикасының сыртқы істер министрі Дилу Монимен кездесті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазақстан елшісі сұхбаттасушысына ағымдағы жылдың 28-30 маусым күндері Астанада өтетін Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 38-ші сессиясына шақыруды табыс ете отырып, оны Қазақстанның алдағы ИКҰ СІМК-ға төрағалық етуде атқаратын қызметінің басым бағыттарымен таныстырды.

Д.Мони аталмыш жиынға шақыру алғаны үшін алғыс білдіріп, алдағы форумға қатысу ниетін растады, сондай-ақ Қазақстанның төрағалық кезіндегі бастамаларына қолдау  білдіретіндігін жеткізді.

Министрдің ойынша, Қазақстанның өткен жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі мен 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуі біздің елімізге мұсылман әлемі мен Батыс арасындағы диалогты нығайтуға тамаша мүмкіндік береді.

Кездесу барысында Бангладеш СІМ-ға Дакка қаласында ҚР Құрметті консулдығын ашуға көмектесу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347