Жексенбі, 24 Қараша 2024
3158 5 пікір 18 Наурыз, 2019 сағат 16:52

Мәулен Әшімбаев «Халыққа көмек» жобасының маңызы туралы айтты

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған «Халыққа көмек» партиялық жобасының жұмысы басталғанын айтты.

Бұл жоба Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынып отыр. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың басындағы және қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты жедел әрекет ету керектігін айтып, «Халыққа көмек» жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын.

Жаңа бастаманы партия мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес қауымдастықпен бірлесіп іске асырмақ. Жоба негізінде партияның еліміздегі барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жаңғырып, олар Бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесінде қызмет көрсете бастады.

Жоба аясында қоғамдағы өзекті мәселелерді жедел әрі тиімді шешу үшін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге жарияланған жазбаларға талдау жасалып, алдын алу мониторингі жүргізіледі. Соның нәтижесінде қоғамдық қабылдау бөлмелері «жедел әрі бір жерде» қағидасы бойынша жұмыс істейді.

Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы халықтың мүддесін қорғайтын және Елбасы тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізетін басты институт болып табылады. «Халыққа көмек» жобасын жемісті жүзеге асыру үшін қоғамдық қабылдау бөлмелерімен бірге бастауыш партия ұйымдарының да әлеуетін пайдаланамыз. Өйткені біздің басты міндетіміз – халықтың мәселесін тиімді шешуге ықпал ету, – деді Мәулен Әшімбаев.

Abai.kz

 

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641