Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2062 0 пікір 16 Маусым, 2009 сағат 15:54

Алматы облысының әкімі, оның орынбасарлары және «Нұр Отан» партиясының қызметкерлері өткен жылдағы кірістерін жария етті

Талдықорган. 16 маусым. ҚазТАГ –  Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов, оның орынбасарлары, аппарат басшысы және «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық басшылығы «Жетісу» және «Огни Алатау» облыстық газеттерінде 2008 жылдағы өздерінің кірістерін жария етті.

Жарияланым «Нұр Отан» партиясы жүрігізіп жатқан «Жемқорлыққа жол жоқ!» жалпы республикалық акциясының шеңберінде мемлекеттік қызметкерлердің кірістерінің ашықтығын қамтамасыз ету, халықтың партия мүшелеріне, мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдар атқаратындарға деген сенімін арттыру мақсатында жарық көрді.

Газеттер келесі мәліметтерді жариялап отыр: облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП-ның Алматы облыстық филиалының төрағасы С.Үмбетов  2008 жылы 7 142 222 теңге көлемінде кіріс тапқан, облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Баталов  - 5 075 070 теңге, облыс әкімінің орынбасары Б.Тәкенов - 8 003 474 теңге, облыс әкімінің орынбасары С.Мұқанов - 4 697 737 теңге, облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбеков - 4 732 634 теңге, облыс әкімі аппаратының жетекшісі Е.Нұрбеков - 2 784 401 теңге,  партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сейітов  - 1 424 971 теңге, партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары  С.Әбдіқадыров - 1 441 721 теңге.

Мемлекеттік қызметкерлердің кірістерін жария ететін «Өзіңнен баста!» акциясы басқа деңгейдегі шенеуніктердің арасында да жалғасын табады, деп хабарлайды газеттер.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5581