Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
3592 0 пікір 19 Наурыз, 2019 сағат 15:13

Елімізде «ARUANA» атты Қазақстан әйелдерінің құрылтайы құрылды

Елімізде әйелдер мен балалардың мәселелерін тиімді түрде шешуге арналған «ARUANA» атты Қазақстан әйелдерінің құрылтайы құрылды. Бұл жайында Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

«ARUANA» Қазақстан әйелдерінің құрылтайы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігін құрудағы мақсат - әйелдердің, отбасылар мен балалардың мәселелерін шешу мақсатында әйелдер бастамаларын шоғырландыру”, - дейді «Ihlas Jurek» қоғамдық қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесі төрайымының міндетін атқарушы Тоғжан Қожалиева.

Сонымен қатар, ол отбасылар мен балалардың мәселелеріне жалпы талдау жүргізіп, басқа ұйымдармен дәнекер ретінде жүйелі түрде жұмыс жасайтын ұйымның жоқтығын көрсеткенін айтты.

“Бұған дейін мұндай бірлестіктерді құру туралы бір-екі рет ұмтылыс жасалды, алайда бастамадан әрі жұмыс жүрген жоқ. Сондықтан да біз Құрылтайды құруды шештік және әйелдердің, отбасылар мен балалардың мәселелерін шешумен айналысып жүрген барлық қазақстандық ұйымды ортақ күш біріктіруге шақырып отырмыз! Әйелдердің сөзі күшті, әрі сенімді түрде шығуы керек», - деді Тоғжан Қожалиева.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2538
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 696
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668