Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3661 31 пікір 20 Наурыз, 2019 сағат 16:46

Парламент елорданың атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы құжатты қабылдады

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда елорда атауын Нұрсұлтан қаласы деп өзгерту туралы Заң жобасын Қос палата депутаттары екі оқылымда да мақұлдады.

«Тарихи шешім қабылданды», - деп мәлімдеді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

«Қазақстан Конституциясына сәйкес үкімет астананың атауын өзгерту туралы түзету енгізу үшін республикалық референдум өткізу жөнінде Қазақстан президентіне ұсыныс жасады. Президент бұл ұсынысты референдума шығармай, парламенттің қарауына жіберу туралы шешім қабылдады», - деді Нығматулин.

Ол бұл мәселе бойынша Конституциялық кеңес өзінің оң қорытындысын бергенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Конституцияның 91-бабы 1-тармағына сәйкес, парламенттің қарауына Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасын енгізді. Бұл жоба республика астанасының атауын Астана қаласынан Нұрсұлтан қаласына өзгертуді көздейді. Ұсынған түзетулерді қолдауыңызды сұраймын», - деді президент әкімшілігі басшысының орынбасары Әлия Рақышева.

Abai.kz

31 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2027