Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
Әне, көрдің бе? 18183 30 пікір 21 Наурыз, 2019 сағат 15:31

Депутаттар да жылайды (фото-әзіл)

Кешеден бастап Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы екінші президент өз қызметіне білек сыбана кірісіп кетті. Қасекең, Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің алғашқы жарлығын сол күні-ақ, шығарды. Астананы Нұр-Сұлтан қаласы қылып өзгертті. Елдегі бүкіл қалалар мен облыс орталықтарының басты көшелеріне бірінші президенттің есімін беруді тапсырды. Нұрекеңнің кеудесіне орден тақты. «Халық Қаһарманы» деген атақты берді. Сөйтіп, арқасынан қағып, Парламенттің қос палатасының алдында әдемілеп шығарып салды.

Нұрекеңнің бұл кетісін көпшілік ерлікке балап жатты. Басқасын қойғанда, Нұрекеңнің отыз жылғы саяси оппоненттерінің өзі екіұдай сезімде болды. Ақорданың ауласында жүргендердің эмоциясын кеше көрдік. Назарбаевтың тақтан кеткеніне көз жасын көлдей қылған кей азаматтардың бейне жазбалары әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Түрлі пікірлер айтылуда.

Рас қой. Отыз жыл бойы елді басқарған Нұрекеңнің қасында сіз бен бізден гөрі ұзақтау жүргендердің шын эмоциясы да, бұл.

Кім ойлаған, біздің саясаткерлердің мұншалықты сентименталды боларын... Кеше көрдік. Көрген көзімізде жазық жоқ... Әзіл-шыны аралас, аз-кем сөз шығарып көрейік, ендеше...

Нұрекең маң-маң басып Парламентке келіп кірді. Қос палатаның «пациенттері» мен Үкіметтің «үздіктері» ынта-шынтасымен қошеметтеп тұрып алды. Әуелі Нұрекеңнің өзі төрдегі таққа отыруға ыңғайсызданып, өзіне көрсетіліп жатқан мұндай құрметке жүрегі жылап сала берді.

Барлығының көздері мөлтілдеп, жылап жіберуге шақ тұр. Қараңызшы, сенатор Бірғаным апаның эмоциясын. Тіпті, жылап та жіберген екен, әне... Бұрынғы сенатор, ендігі спикер Дариға апа ше?!

Бірғаным Әйтімова: Ах, какой он был мужчиной...

Дариға Нұрсұтанқызы: Тәк, бір дегенім - сенат төрайымы, екі дегенім...

Жо-жоқ, Бірғаным апанікі әйел затына тән сенитментализм ғой. Жылады деп Бекеңді айтыңыз. Жылап-жылап, тіпті, көзі ісіп кеткен екен.

Бекболат Тілеухан: «Күндер өтеді, жылдар жетеді, бәрі кетеді... Ой...бай-оу, ойбай-оу!» (Алаш ұраны әнінің мақамымен оқу керек...)

Бекболат Тілеухан: Өткенде бес бала қайтыс болғанда жылай алмап ем, бүгін көңілім босап тұр...

Сауытбек Әбдірахманов: Нұреке, кетпеңізші...

Бекболат Тілеухан: «Баю үшін, бағын да сатқандар, тою үшін тонын да арын сатқан. Құлданған санасы. Ел мен жер бізге аманат... Алаштың баласы!»

Сауытбек Әбдірахманов: Өтінем, өтінем...

Владимир Божко: Ой, әкеңнің, бұл гимн еді ғой... Жүрегім қай жақта еді, өзі?.. А, айтпақшы менде жүрек жоқ қой...

Бердібек Сапарбаев: Владимир мырза, міне, міне менің жүрегім. Тауып алдым.  

Зағипа Балиева: Мә, сонша қол шапалақтағанымыз ұят болды-ау...

Айдос Үкібай: Енді мына рацияның маған керегі болмай қалатын шығар...

Владислав Косарьев: Ұйықтау керек еді. Менің жасымда көбірек демалған дұрыс деген врачтар...

Владислав Косарьев: Да ну, уже түсіріп алдыңдар ма не?!

А секторы – Ақсақалдар секторы

Сауытбек Әбдірахманов: Гүлеке, тілек жазып келдің бе? Көшірейінші...

Барлығы: Қой отырғызып-тұрғыза берді ғой...Арамызда шал-кемпірлер көп, аясаңдаршы...

Бақытжан Ертаев: Не деген көреген шешім! Астананы ғана емес, барлық қалаларды Нұр-Сұлтан деп атасақ та артық емес...

Мұхтар Ерман: Әпшуу, рас екен, әне...

Бақытжан Сағынтаев: Мәәә, не боп кетті өзі...

Нұрсұлтан Назарбаев: Рахмет, айналайындар...

Айдос Үкібай: 1-2-3 дегенде шапалақ ұрылады...

Назарбаев: Ни че...

Нығматулин: По идее, менің орным еді ғой...

Бірғаным Әйтімова: Нұрсұлтан Абишович, сіз мен үшін бәрібір біріншісіз...

Сұлтанов пен Үмбетов: Нұрекеу, жалынайық, кетпеңізші...Біз ше? Бірге бастап едік қой...

Ахмет Мурадов: Әйелім ағыл-тегіл жылады. Бұл шындық.

Гүлмира Исимбаева: Кешелі-бері толқуымызды да, көз жасымызды да баса алмаймыз...

Гүлжан Қарақұсова: Ол менің әкем сияқты. Ішімнен жыладым. Мен уже давно не плачу...

Азат Перуашев: ...

Қанат Бозымбаев: Мен ер адаммын ғой, неге жылаймын?..

Артур Платонов: Нұреке, бұрын сізді сынағанымды көңіліңізге алмаңызшы... Жастықпен жасалған іс қой...

Артур Платонов: Қасеке, енді сізді вообще сынамаймын...

Кәрім Мәсімов: Ойбу, мұртым қайда?...

Түйін: Жоғарыда айтқанымыздай, кейіпкерлердің мәтіні жүз пайыз шындыққа жанаспайды. Бұл біздің қиялымыздағы әңгіме. Бәлкім тіпті сол кейіпкерлердің өз қиялындағы ойлар болуы да ғажап емес... Кім білсін, мұндағы әрбір адам өзінің келешек карьерасын ойлайтыны өтірік емес қой...

Нұргелді Әбдіғаниұлының әзілі

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2013