Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
4230 12 пікір 23 Наурыз, 2019 сағат 15:15

Тоқаев: Әкімдердің жылына бір өтетін есеп беру кездесулері – көзбояушылық

Менің басты ұстанымым анық, айқын. Бұл - заңның үстемдігі. Заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керек. Түркістан жұртшылығымен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

"Қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты. Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың басты мақсаты - азаматтардың құқығын қорғау. Мұндағы менің басты ұстанымым анық, айқын. Бұл - заңның үстемдігі. Заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керек.

Орталық және жергілікті органдардың басшыларына қатысты орынды шағым түскен жағдайда олардың бәрі жазаланатын болады. Сондықтан басшылар халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет. Жылына бір рет ұйымдастырылатын есеп беру кездесулері – көзбояушылық. Халықпен күн сайын бірге болып, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Жемқорлықпен күрес күшейе түседі", - деп келтіреді Президенттің сөзін Ақорданың Twitter-дегі ресми парақшасы.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2031