Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
4475 0 пікір 27 Наурыз, 2019 сағат 10:17

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

Алматы жастары өздеріне қамқорлық жасап, шексіз қолдау көрсеткен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына алғыс айту үшін ұшақ трапынан күтіп алды.

Қаланың барлық жоғары оқу орындарын біріктіретін G-38 студенттік ұйымның екі мыңға жуық студенті Елбасын гүлмен қарсы алды.

Траптан түскен Нұрсұлтан Назарбаев тосын сый көрсетіп, жылы қарсы алғаны үшін жастарға ризашылық білдірді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекетімізді дамыту ісіндегі жас ұрпақтың маңызды рөліне ерекше тоқталды.

– Сіздер – бақытты жансыздар. Себебі Алматы сияқты әсем қалада білім алып, гүлденген әрі бүкіл әлемге танымал елде өмір сүріп жатырсыздар. Қазақстан – біздің Отанымыз. Біздің міндетіміз – тәуелсіздігімізді қорғау. Баршаңызға мықты денсаулық, болашақтарыңызға табыс тілеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1116
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2653
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 770
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 738