Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3440 5 пікір 27 Наурыз, 2019 сағат 12:33

Путин мен Лукашенко Нұр-Сұлтанда кездеседі

Кеше, 26-наурыз күні Ресей президенті Владимир Путин Белоруссия президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлескен екен. Екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынастардың әужайы әңгіме болған. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы байланыс мәселесі де талқыланған.

Бұл туралы Кремльдің баспасөзі хабарлап айтты. Ал Минсктің мәліметінше, телефондағы талқыға Ресей жағы бастама жасаған.

"Екі жақты мемлекетаралық мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі Халықаралық маңызды өзгерістер де сөз болды. Ресей мен Белоруссия басшылары алдағы уақта, Нұр-Сұлтанда және Бейжіңде өтетін кездесулердің мән-жайын сөз етті", дейді ресми хабарламада.

Алайда Путин мен Лукашенконың Нұр-Сұлтанға қашан келетіні айтылмаған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2037