Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
4432 1 пікір 28 Наурыз, 2019 сағат 10:46

Трамп Ресейді Венесуэладан кетуге шақырды

Ресей Венесуэладан кету керек деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп. Ол ресейлік әскердің оңтүстік америкалық елден қалай шығаратынын әлі шешпегенін, бірақ барлық шаралар қолданылатынын ескертті.

Дональд Трамп бұл мәлімдемесін Ақ үйде Венесуэланың уақытша президенті деп танылған оппозиция лидері Хуана Гуайдоның әйелі Фабьяна Росалеспен кездесу кезінде айтты. Онда АҚШ вице-президенті Майк Пенс те болған. Ол Ресей әскерінің Венесуэлаға жіберуін арандату деп мәлімдеді.

24 наурызда Венесуэла астанасы Каракасқа Ресейдің Ил-62 және Ан-124 әскери ұшақтары қонған. БАҚ ақпараты бойынша, ұшақпен жүздеген сарбаз бен 35 тонна әскери жүк түсірілген.

Сейсенбі күні Reuters агенттігі Венесуэлаға барған ресейлік әскердің ішінде арнайы киберқауіпсіздік жөнінде мамандар барын хабарлады.

Венесуэлада саяси дағдарыс жалғасып жатыр. АҚШ Хуана Гуайдоны қолдаса, Ресей қазіргі президент Николас Мадуроға көмек көрсетіп отыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1119
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2655
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 773
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 739