Сенатор Ахметов мұсылмандарға қатысты дискриминациямен күрес бойынша ЕҚЫҰ басшысының жеке өкілі болып тағайындалды
Астана. 15 маусым. ҚазТАГ- Сенатор Әділ Ахметов мұсылмандарға қатысты дискриминациямен күрес бойынша ЕҚЫҰ басшысының жеке өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды сенат баспасөз қызметі.
«Мұсылмандарға қатысты төзімсіздік пен дискриминацияға қарсы күресте ЕҚЫҰ –ның қазіргі төрағасының жеке өкілі болып депутат, сенаттың халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің хатшысы Әділ Ахметов тағайындалды», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.
Хабарда, оның қызметі, қазіргі төрағаға мұсылмандық емес елдердегі мұсылман азшылықтың құқықтарының қорғалуына қатысты ахуалды зертеуде сараптамалық көмек көрсету деп түсіндіріледі.
Одан басқа, Ә. Ахметов ЕҚЫҰ-на мүше елдердің дискриминациямен күрес пен төзімділік саласында алған міндеттерін тиімді іс жүзіне асыруға бағытталған күш жігерін үйлестіретін болады.