Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3359 4 пікір 29 Наурыз, 2019 сағат 10:42

Тоқаев Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісін қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Андрей Фурсенконы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы екі елдің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстан-Ресей әріптестігі мен одақтастығының маңыздылығын атап өтті.

– Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың үлгі саналатынын әрдайым айтады. Сондықтан, Мемлекет басшысы ретіндегі менің міндетім – екі ел көшбасшылары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Владимир Владимирович Путин негізін қалаған екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беру, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына алдағы ресми сапары аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында білім беру, ғылым, технологиялық және мәдени тәжірибе алмасу мәселелері талқыланатынын айтты.

А.Фурсенко Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің Нұр-Сұлтан қаласына сапарының қорытындысы жөнінде мәлімет берді.

– Біз сындарлы әрі келелі келіссөздер жүргіздік, Ұлттық биотехнология орталығына, Назарбаев Университетіне, Парламент Сенатына бардық. Бүгінде елдеріміз арасында ғылым саласындағы ынтымақтастық мейлінше табысты жүзеге асырылуда. Бұл бағытта ортақ басымдықтар мен дамытуға қажетті әлеуетіміз бар, – деді Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048