Жексенбі, 24 Қараша 2024
3278 0 пікір 1 Наурыз, 2019 сағат 12:20

Алматы облысында коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, коммуналдық қызметтерді төмендету шаралары туралы әрбір тұтынушыға кеңінен түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстары басталған болатын. Сол мақсатта Алматы облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті - түбіртектерді, төлем құжаттарын алу және басқа да қоғамдық маңызы бар нарықтардың субьектілерімен тұтынушыларды хабардар етті, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Төмендетілген тариф төңірегінде кеңінен баяндайтын болсақ, олар: cумен жабдықтау, су тарту, электр энергиясы, жылумен және газбен қамтамасыз ету сияқты қызмет түрлерінде өзгеріс орын алды. Айталық, сумен жабдықтау кызметінің 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі соммасы 67,6 теңге болса, 1 қаңтардан бастап, ол көрсеткіш 9,3%-ға азаяды яғни, 61,37 теңгені құрайтын болады. Жылу бағасы қосымша құн салығымен есептегенде 1 гекокалориясына – 2771 теңгеден 2513 теңгеге азайып отыр. Ыстық судың 1 текше метрі 208 теңгеден – 186 теңге 78 тиынға азайған. Жарық бағасы 16 теңге 39 тиыннан 1 теңге 71 тиынға төмендетіліп, 14 теңге 68 тиын көлемінде белгіленді, - дейді мамандар.

Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары Г. Шарапиева – «коммуналдық қызметтерге төмендетілген тарифтер туралы ақпарат табиғи монополиялар субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарықтардың ресми сайттарында және абоненттік пункттерінде орналастырылған. Одан бөлек, Департамент тарапынан Талдықорған қаласының Бірыңғай есептеу орталығымен бірлесіп, коммуналдық қызметтер тарифтерінің төмендеуі туралы мағлұматтарды арнайы түбіртектерде, хабарламаларда орналастыруға қатысты жұмыстар жүргізілді. Енді, Талдықорған қаласының Бірыңғай есептеу орталығының түбіртектерінде коммуналдық қызметтер жайлы және тұтынушыға керекті қосымша ақпараттар орналастырылатын болады», деп атап өтті.

Айта кетейік, әрбір тұтынушы төмендетілген тарифтер туралы ақпараттарды сала мамандарынан кез-келген уақытта ала алатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555