Сот Евлоевты өмір бойы бас бостандығынан айырды, Тян жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеумен 25 жылға кесілді
Астана. 16 маусым. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Сот әйел мен оның кішкентай үш баласын өлтірді деп айыпталған Елег Евлоевты жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеумен, мүлкін тәркілеумен өмір бойы бас бостандығынан айырды, ал басқа сотталушы Дмитрий Тянды жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеумен, мүлкін тәркілеумен 25 жылға бас бостандығынан айырды.
Осы іс бойынша төрағалық етуші Тілеухан Нұғыманов мәлім еткендей, үкімге қарсы 15 тәуліктің ішінде арыз беруге болады. Жаза мерзімі О.Евлоев қамауға алынған 2008 жылдың 29 қазанынан, Д.Тяндікі 2008 жылдың 24 қазанынан есептеледі.
Еске сала кетейік, 2008 жылдың 21 қазанында Астанада кәсіпкердің отбасы – оның әйелі мен 10, 7 және 3 жастағы баласы өлтірілді. Қылмысқа себеп ретінде бірнеше болжам қарастырылды, соның ішінде «кек алу немесе кредиторды және оның туғандарын физикалық түрде жою мақсатымен қылмыс жасау болжамы» да болды.
Астананың бұрын сотталған 28 жастағы тұрғыны О. Евлоев Ресейдің, Шешенстанның, Ингушетияның және Қазақстанның құқық қорғау органдарының бірлескен іс-қимылының арқасында 2008 жылдың 29 қазанында Ингушетияда тұтқындалып, Грозныйдағы уақытша оқшаулағышқа қамалды. 9 желтоқсанда Шешенстаннан Қазақстанға экстрадицияланды.
Бұл қылмысты тергеу ІІМ басшылығының ерекше бақылауына алынған болатын.