Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
4067 5 пікір 1 Сәуір, 2019 сағат 14:13

Мирзияев шенеуніктерге өзін мақтап, жөнсіз қол шапалақтай беруге тыйым салды

Бұхара облысына барған сапарында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев шенеуніктерді өзін шектен тыс мақтап, жөнсіз марапаттауға тыйым салып, мұның орнына мақсатты түрде жұмыс істеуге шақырды.

«Әкімдердің жұмыстары әрбір көшеде, әрбір адамның өмірінен көрінуі керек. Қол шапалақтап, мадақ сөздерді айтуға тыйым саламын. Оның орнына әр үйдің тұрғындарымен жұмыс істеңдер», – деді Мирзияев.

Жалпы Орталық Азияда шенеуніктердің президенттің әрбір сөздеріне қол шапалақтауы әдетке айналған. Өзбекстанда Ислам Каримов тұсында бұл көрініс кең тараған.

Мирзияев осының алдында сөйлеген сөздерінде де шенеуніктерді оянуға шақырған.

«Ояныңдар, егер сендер оянбасаңдар, мен ешнәрсе істей алмаймын», – деген еді Шавкат Мирзияев облыстардың біріне барған сапарында.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048