Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3473 2 пікір 2 Сәуір, 2019 сағат 10:01

Ердоған партиясы жергілікті билікке сайлауда жеңіліс тауып жатыр

Түркия президенті Режеп Ердоғанның жақтастары ірі қалаларда өтіп жатқан муниципалды сайлауда жеңіліп жатыр.

Ердоған өзі билік ететін әділеттілік және даму партиясы жеңіске жетті деп мәлімдегенімен, 2000 жылдан бері бірінші рет Анкара мен Түркияның ірі қалаларына бақылауды жоғалтып жатыр.

Стамбұлда дауысты санау жалғасып жатыр, бірақ Орталық сайлау комиссиясының алдын ала есебі бойынша, оппозициялық саналатын Республикашыл халықтық партиясының лидері Экрем Имамоглу бұрынғы премьер-министр Бинали Йилдыримадан 28 мың дауысты артық алған.

Анкарада да оппозиция өкілі жеңіске жеткен.

1994 жылы Түркияның қазіргі президенті Ердоған Стамбұл мэрі болып сайланған. Осыдан бастап оның билік мансабы өрлеп, 16 жылдан бері ел тізгінін уысында ұстап келеді.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы күрдтер ауданында Халықтық демократиялық партия жеңіске жеткен.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048