Сәрсенбі, 14 Қазан 2026
3955 1 пікір 2 Сәуір, 2019 сағат 10:08

Украина ОСК: Порошенко Зеленскийден екі есеге аз дауыс алды

Украина Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 95 пайыз хаттаманы тексеріп, 31 наурызда өткен президент сайлауының алдын ала нәтижесін жаңартты.

Шоумен Владимир Зеленскийге украиндықтардың 30,22 пайызы, қазіргі президент Петр Порошенкоға 15,93 пайызы, ал "Батькивщина" лидері Юлия Тимошенкоға 13,40 пайыз дауыс берген.

Сайлаудың нақты қорытындысын 10 сәуірде жариялайды. Егер бір үміткер бірінші кезеңде 50 пайыз дауыс жинай алмаса, сайлаудың екінші кезеңі 21 сәуірде өтеді. Украинада президентті бес жыл мерзімге сайлайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 988
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1337