Жексенбі, 25 Қазан 2026
3890 6 пікір 5 Сәуір, 2019 сағат 10:45

Елбасы Ерболат Досаевты қабылдады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді.

– Қазіргі уақытта мұнай бағасының өсіп келе жатқаны байқалуда. Еліміздегі экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты. Жақында Ұлттық банк пен Үкімет тұрғындар үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Сіздердің тараптарыңыздан бұл дұрыс шешім деп ойлаймын, – деді Елбасы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция деңгейін сақтап қалу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімделді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1198
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1668