Жұма, 27 Желтоқсан 2024
3966 12 пікір 5 Сәуір, 2019 сағат 10:48

Қазақстанда аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмекті көбейтпек

Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуірде көп балалы және көн көрісі төмен отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі заң жобасына қол қойды деп хабарлады Ақорда сайты.

Құжатқа сәйкес, күн көрісі төмен отбасындағы әрбір балаға 20 789 теңге (50 доллар) көлемінде көмек көрсетеді. Заңда сонымен бірге мемлекет тарапынан ай сайын берілетін әлеуметтік көмекті 30 пайызға көтеру қарастырылған.

27 ақпанда өткен "Нұр Отан" партиясының съезінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың әл ауқатын көтерін үшін Ұлттық қордан қаржы бөлетінін мәлімдеген.

19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі отставкаға кететінін жариялады. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда соңғы айларда көпбалалы аналардың наразылық шаралары Назарбаевтың отставкаға кету шешімін жылдамдатқан.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053