Жұма, 27 Желтоқсан 2024
3100 10 пікір 5 Сәуір, 2019 сағат 10:54

Порошенко Зеленскиймен дебатты стадионда өткізуге келісті

Украинаның қазіргі президенті Пётр Порошенко өзінің сайлаудағы басты қарсыласы шоумен Владимир Зеленскийдің ұсынысын қабыл алып, дебатты Киевтегі "Олимпиада" стадионында өткізуге келісімін берді.

Ол сайлаулар туралы заңға сәйкес, пікірталастар қоғамдық телеарнаның тікелей эфирінде көрсетілуі тиіс екенін ескертіп, бірақ Зеленскийдің стадионда өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алды. "Стадион болса, жарайды стадион. Мен сізді күтемін, Владимир Александрович",- деп мәлімдеді Порошенко Twitter арқылы жариялаған бейнебаянда.

Оған дейін қазіргі президент телеграм-каналы арқылы "Украинадағы сайлаулар жөніндегі" заңға сәйкес дебаттар екінші тур алдындағы соңғы жұмада, тікелей эфир арқылы өтуі тиіс дегенін ескерткен. Бірақ ол жазылушыларына "заңға сәйкес қадам жасайын ба, әлде бұзайын ба" деп сауал тастады. Көбі екіншісіне дауыс берді.

Сайлаудың бірінші кезеңінде Зеленскийден аз дауыс алған Порошенко "президент болу не қолбасшы болу ойын емес немесе көпшілікке ұнау емес. Сайлау алдындағы дебаттар — шоу емес әрі оны ойын-сауық үшін ұйымдастырмайды" деп атап өткен. Ол сонымен бірге қарсыласының "геосаяси сағаттары" қарама-қарсы екенін, Украинаны ешкімнің алдына тізге бүкпейтін мықты еуропалық мемлекет ретінде көретінін" жариялаған.

Таяуда Владимир Зеленский егер дебат Киевтің "Олимпиада" стадионында өткізілетін болса ғана Порошенкомен пікір-таласқа шығуға дайын екенін мәлімдеген. Ол сонымен бірге дебатқа барлық журналистер келуі тиіс әрі барлық каналдан көрсетілуі керек деген шарт қойған.

Украина Орталық сайлау комиссиясы бейсенбі күні дауысты санауды аяқтады. Нәтижесі бойынша, Владимир Зеленский сайлаушылардың 30 пайызын жинаған. Ал мемлекет басшысы Петр Порошенко 16 пайыз дауыс жинаған. Сайлаудың кезекті кезеңі 21 сәуірде өтеді.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061