Жексенбі, 24 Қараша 2024
2768 0 пікір 12 Ақпан, 2019 сағат 11:21

Қазір ел тұрғындарының 50 процентке жуығы газбен қамтамасыз етілген

Елбасы Н.Назарбаев өткен жылдың наурыз айында “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” атты Қазақстан Халқына Үндеу жолдаған болатын. Үндеудің бесінші тармағы  – елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру деп аталады.

Тәуелсіздік кезеңінде жылына 8-ден 52 миллиард текшеметрге дейін артқан. Ал, қазір ел тұрғындарының 50 процентке жуығы газбен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 9 облысқа газ тартылған. Алайда, орталық және солтүстік өңірлерге әлі де газ жоқ.

Президент өзінің бес бастамасында Астанаға магистаральді газ құбырын салуды жүзеге асыру керектігін айтты. Ол үшін құбырды Қызылорда облысынан бастап – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау  арқылы тарту жоспарланып отыр.

Бұл – 2,7 миллион адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын және орта бизнестің жаңа өндірістердің ашылуына мүмкіндік береді.

Астанаға тартылатын газбен ең алдымен қаладағы жылыту қазандықтары мен Оңтүстік – Шығыс ауданының тұрғындары қамтылатын болады. Бұл туралы  ҚР энергетика министрлігі хабарлады.

Жобаны іске қосу үшін қолданыстағы «Орта Азия - Орталық» магистральді газ құбырының инфрақұрылымы пайдаланылатын болады.

ҚР энергетика министрлігінің айтуынша, Астанаға газды тарату қала әкімдігінің жауапкершілігіне берілген. Сондықтан бұл жұмыстар бірнеше кезеңге бөлініп отыр. Қазіргі таңда Қарағанды, Ақмола облыстарының және Астана қаласының әкімдіктерімен газ тарату желілерін жобалау және салу жұмыстарын жеделдету міндеті тұр.

«Бұл жұмыстар басталып жатыр. Келесі жылы магистральді газ құбыры тартылған бойда елорда әкімі оны тарату желілері бірінші кезеңге әзір болады деп сөз берді. Бірінші кезеңде газға жылыту орталықтары көшірілетін болады. Бұл үшін қажетті жобалық құжаттар әзірленді, қала әкімі жылыту қазандықтарын газға қосуға әзір. Екінші кезеңде Астанадағы Оңтүстік Шығыс аталатын ауданға газ тартылады» ,- деді министрлік өкілдері.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598