Жексенбі, 24 Қараша 2024
2610 0 пікір 4 Ақпан, 2019 сағат 11:10

Президент: Салықты азайтудан шыққан қаржы жалақыны көбейтуге жұмсалуы қажет

Елбасы Н.Назарбаев өткен жылдың наурыз айында “Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” атты Қазақстан Халқына Үндеу жолдаған болатын. Үндеудің екінші тармағы  - жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту деп аталады.

Мәселен, биылдан бастап табысы төмен жұмысшылардың салықтық жүктемесі 10 есеге дейін азаяды. Ал, бұл игілікті еліміздегі 2 млн 300 мың адам көрмек.

Мұны Ұлттық Экономика министрлігінің өкілдері былай түсіндіреді. Яғни, жалақы айына 60 125 (25 айлық есеп көрсеткіш) теңгені құрайды. Осы сомадан 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы, яғни 6 013 теңге шегеріледі, қалады - 54 112 теңге. Бұл сомадан 1 ең төмен жалақы - ең аз салық салынбайтын кіріс, яғни 28 284 теңге шегеріледі. Салық салынатын табыс (қолданыстағы механизм) - 25 828 теңге қалады. Қолданыстағы механизм бойынша салық сомасы 25 828 *10% = 2 583 теңге болады.

Ұсынылған тетікке сәйкес, салық салынатын табысының мөлшері 90%-ға төмендейді: 25 828 - (25 828*90%) = 2 583 теңге. Бұл сомаға жеке табыс салығының 10% мөлшерлемесі бойынша салық салынатын болады - 2 583*10% = 258 теңге.

Яғни, іс жүзінде салық мөлшері 10 есе 2 583 теңгеден 258 теңгеге дейін төмендейді, жалақы қосымша 2 325 теңгеге өседі.

Айта кетейік, Президент Н.Назарбаев салықты азайтудан шыққан қаржы жалақыны көбейтуге жұмсалуы қажеттігін  айтқан болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576