Жұма, 27 Желтоқсан 2024
2570 0 пікір 8 Сәуір, 2019 сағат 11:02

Әбдіқалықова азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін шешуді тапсырды

2019 жылғы 6 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова бастаған Үкіметтік жұмыс тобы Павлодар облысындағы жұмысын жалғастырды.

Вице-премьер мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Халықты жұмыспен қамту орталығына, Халыққа қызмет көрсету орталығына және «Open Pavlodar» фронт-офисіне барып, ол жерде олардың жұмысын тексерді.

1 сәуірдегі жағдай бойынша 1368 жұмыс берушіден 2800 бос жұмыс орны бар. 2053 жұмыс іздеп жүрген адам тіркелді, тұрақты жұмыс орнына – 1262, әлеуметтік жұмыс орындарына – 121, жастар практикасына – 52, қоғамдық жұмыстарға – 364 адам тіркелді. 48 отбасыны көшіруге арналған мемлекеттік қолдау шаралары бойынша қаражат бөлінді.

Одан кейін Павлодар облысының халқымен кездесу өтті.

«Бүгінде мемлекет халықтың аз қамтылған тобын әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған шараларды қабылдануда. 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау төменгі күнкөріс деңгейінің 70% арттырылды және 20 789 теңгені құрайды, мамыр айынан бастап жалдамалы баспана беру басталады,  ал 1 маусымнан бюджеттік саланың жалақысы төмен қызметкерлерінің жалақысы арттырылады. Білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданады», — деді Г. Әбдіқалықова.

Кездесу соңында Гүлшара Әбдіқалықова азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Ол басшылыққа жұмыссыз жүрген Айдар Қалымовты «Лидер Пласт-ПВ» ЖШС әлеуметтік жұмыс орнына 120 мың теңге жалақымен менеджер ретінде жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді тапсырды.

Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова бірқатар тапсырма берді.

Түпнұсқа: primeminister.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061