Жұма, 27 Желтоқсан 2024
2912 3 пікір 8 Сәуір, 2019 сағат 17:21

Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасымен кездесті

Қазақстан Президенті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Мирослав Лайчакпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатының бейбітшілдік сипатын атап өтіп, еліміздің халықаралық ұйымдармен арадағы сындарлы ынтымақтастыққа адал екенін айтты.

– Сіздің Словакияның Сыртқы істер министрі әрі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде Нұр-Сұлтан қаласына келгеніңізге қуаныштымын, – деді Мемлекет басшысы.

Халықаралық ұйым жетекшісі ЕҚЫҰ-ның мақсаты қақтығыстардың алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жан-жақты тиімді ынтымақтастық орнату екенін атап өтті, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық дағдарыстарды реттеудегі стратегиялық рөліне ерекше тоқталды.

– Мені және делегациямызды қабылдауға уақыт тапқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Президент лауазымына кірісуіңізбен құттықтаймын, сондай-ақ Сізге және еліңізге зор табыс тілеймін. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде Қазақстанға келгеніме қуаныштымын, – деді Мирослав Лайчак.

Кездесу аясында тараптар күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен ықпалдастығының перспективаларына тоқталды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2063