Жұма, 29 Наурыз 2024
3977 21 пікір 9 Сәуір, 2019 сағат 13:04

9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлау өтеді

2019 жылы 9 маусымда Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауы өтетін болды. 

Бұл туралы бүгін, 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеуінде айтылды.

«Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды үндеу жариялағалы отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын  2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палатасының спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім. Конституциялық кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау өте маңызды әрі қажетті қадам», - деді Қ.Тоқаев.

Биыл сайлау өтетінін бұған дейін сарапшылар да айтқан болатын. Тоқаевтің өткенде Ресейге барып, Путинмен кездесуі де алдағы сайлаудың болатынын байқатқан. Демек, Ресей тарапы Тоқаевтің кандидатурасына келісім берген болуы мүмкін.

Әзірге сайлауға қандай кандидаттардың түсетіні белгісіз. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады. Соған қарағанда осы партиялардың әрқайсысынан бірден кандидат ұсынылуы мүмкін.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610