Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
4380 2 пікір 12 Сәуір, 2019 сағат 09:46

Ресей Қырғызстанға 30 млн доллар көмек берді

Ресей наурыз айында Қырғызстанға жергілікті бюджетті қолдау үшін 30 млн доллар жаңа грант бөлді. Бұл туралы қырғыз үкіметі хабарлады деп жазды Economist.kg басылымы.

Үкіметтің хабарлауынша, Ресей бөлген көмек республикалық бюджеттің қаржы тапшылығын жабуға, әскер қызметкерлеріне әлеуметтік баспана салуға және әлеуметтік сала қызметкелерінің жалақысын төлеуге жұмсалады.

Грант бөлу туралы келісімге Ресей президенті Владимир Путиннің Қырғызстанға мемлекеттік сапары барысында қол қойылған. Құжатқа қырғыз қаржы министрі Бактыгүл Жеенбаева мен Ресей қаржы министрінің орынбасары Сергей Сторчак қол қойған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 946
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2437
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 651
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 634