Сенбі, 23 Қараша 2024
5897 8 пікір 12 Сәуір, 2019 сағат 17:29

Министрлік ресейлік телеарнамен келісімге қол жеткізді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ресейлік «Мульт» телеарнасымен өзара келісімге қол жеткізді. Бұл келісімге сәйкес, телеарнаның өнімдері Қазақстан Республикасының аумағында, мемлекеттік тілде көрсетіле бастайды. Бұл туралы Министр Дәурен Абаев өзінің facebook парақшасында хабарлады.

Биылғы жылдың сәуір айынан бастап, «Мульт» телеарнасының эфирінен заман талабына сай түсірілген танымал мультсериалдар және балалар анимациясының озық өнімдерін, біздің кішкентай көрермендеріміз қазақ тілінде тамашалай бастады. Алғашқы кезең болғандықтан, тәулігіне 3 сағат хабар таратылуда. Келешекте қазақ тілінде хабар тарату уақытын көбейтеміз деген жоспар бар.

Қазір «Қағаздар» (Бумажки) және «Сүйкімді қонжықтар» (Ми-мишки) атты мультсериалдардың дубляжы толық аяқталды. Осы екі өнім «Қазақстан» РТРК» АҚ «balapan» арнасының көрермендеріне де көрсетіліп жатыр.

«Мульт» телеарнасы «Сказочный патруль», «Лео мен Тиг», «Четверо в кубе» және тағы басқа белгілі анимациялық сериалдарды біздің аудиторияға бейімдеуді жоспарлап отыр. Осылайша бүлдіршіндеріміз сүйікті мультфильмдерін мемлекеттік тілде тамашалайды.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512