Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
2904 0 пікір 15 Сәуір, 2019 сағат 10:25

Қазақстан мен Өзбекстан 2020 жылға қарай тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізбек

Қазақстан президенті мінген ұшақ 14 сәуірде Ислам Каримов атындағы әуежайға қонды. Тоқаевты Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Ташкент мэрі Жохангир Артыққожаев қарсы алды деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері.

Қазақстан президенті сұқбатында екі елдің стратегиялық ынтымақтастығының нығаюына елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев елеулі үлес қосты деп атап өткен.

«Қазір маңызды міндеттердің бірі сауда-экономикалық байланысты арттырып, шекаралық қарым-қатынасты тереңдету. Бұл салада біздің еліміздің үлкен мүмкіндігі бар. Екі үкіметке 2020 жылға қарай тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізу жөнінде тапсырма берілген», - деді Тоқаев.

Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан мен Өзбекстан арасында шешімі табылмайтын мәселе жоқ. Ол екі ел достығының әрі қарай да мәңгі жалғаса беретініне сенімді екенін жеткізді.

Бұған дейін екі ел екінші президенттерінің алғашқы кездесуінде «маңызды» құжаттарға қол қойылатыны хабарланған. Сапарда әдеттегідей сауда, әлеуметтік-гуманитарлық мәселелерге қоса көлік-транзит мәселесі де талқыланбақ. Тоқаев сонымен бірге Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатыспақ. Сапар аясында президенттің БАҚ өкілдеріне арналған брифингі де жоспарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2070