Жексенбі, 24 Қараша 2024
2105 0 пікір 19 Ақпан, 2019 сағат 14:55

Сенаторлар МЖӘ жобаларын дамыту мәселесін талқылады

Бүгін Парламенттің жоғарғы палатасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселесі бойынша талқылау өтті. Бұл туралы "Абай-ақпарат" порталы хабарлайды. 

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетіндегі басқосуда сенаторлар  МЖӘ жобаларын дамыту бойынша мемлекеттік және жергілікті мүдделі атқарушы органдар өкілдерімен кездесті.

Шараны Сенаттағы комитет төрағасы Ольга Перепечина ханым ашып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауынан мысал келтірді.

Сенатор Перепечина ханым  Президент Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына Жолдауында айыталғандай, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейту кәсіпкерлікті дамытуға арналған ауқымды әлеует әрі инфрақұрылымды дамытудың негізгі тетігі болуы тиіс екенін атап өтті.

"Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бюджет ауыртпалығын төмендетуі, жобалардың сапасын арттыруы, бизнесті дамытуға және мемлекет экономикасына инвестиция тартуы тиіс", деді.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы шын мәнінде бюджет шығындары жеңілдемейтінін айта келіп, жобалардың көптігі мен орта мерзімді болуына байланысты бюджет жүктемесінің күрт өсуі ықтималдығын атап өтті.

"Кейбір жобалар неғұрлым қымбатқа түсіп отыр, банк пайызы, операциялық, инвестициялық және бюджет инвестициясы барысында болмайтын өзге де шығыстар есеп-қисапқа қосылады. Мемлекеттік және жеке әріптестер арасындағы міндеттемелерді өзара тиімді бөлуде теңгерім қағидасы сақталмайды", деді сенатор.

Ал ҚР Ұлттық экономика министрі бірінші орынбасары Руслан Дәленов
Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуындағы негізгі
көрсеткіштермен таныстырды.

Вице-министрдің ақпаратына сүйенсек, 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жалпы сомасы 1,4 триллион теңге болатын 558 мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім-шарт жасалған екен.

Айта кетейік, аталған басқосуға аймақ басшылары да қатысқан еді. Атап айтсақ, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаев, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Рабандияр Маймақов, «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығының» басқарма төрағасы Шәкәрім Бұқтығұтов сөз сөйледі.

Ал Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров аймақтағы
мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің өзекті мәселелері мен келешегі туралы
есеп бере келіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік барысында жергілікті
жобаларды жоспарлау мен іске асырудың жекелеген рәсімдерін реттеуде
туындайтын олқылықтарға тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстарға талдау
жасалып, қажеттілігіне орай Үкіметке жіберіледі. Сондай-ақ заң шығару
жұмыстары барысында ескерілетін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627