Жексенбі, 24 Қараша 2024
2613 0 пікір 17 Ақпан, 2019 сағат 16:12

Әр азамат өз ойын қоғамдық кеңес арқылы жеткізе алады

Ұлт жоспары – Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 99 нақты қадамын орындау мақсатында 2015 жылғы 2 қарашада Қоғамдық кеңестердің мәртебесі мен өкілеттілігін анықтайтын «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды.

Осы Заң аясында Қоғамдық кеңестер ел өмірінде елеулі жұмыс атқарып келеді. Осы қоғамдық кеңестер арқылы Қазақстанның кез-келген азаматы мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық негізде үн қоса алады. Яғни, мемлекеттік органдардың қандай да бір шешімдерді қабылдауына ықпал етеді.

Ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді, халықтың мұң-мұқтажын тікелей билік өкілдеріне жеткізуші механизмнің рөлін атқарады. Жоғарыда аталған Заңға сәйкес қоғамдық кеңестер республикалық және жергілікті деңгейде құрылады. Осыған байланысты 2016 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанынан да Әділет органдары қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық кеңес құрылды.

Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері туралы жігін ажыратып айтатын болсақ-ол Әділет министрлігінің қызметіне қатысты қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікірін білдіру, осы ұйым қызметінің мақсаты болып табылыды.

Қызметтік міндетіне қатысты оның ауқымы - біріншіден азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұршылықтың пікірін ескеру, екіншіден Әділет министрлігінің азаматтық қоғаммен өзара іс қимыл жасауын дамыту, үшіншіден - қоғамдық бақылауды жүргізу мен ұйымдасытыру нәтижесінде Әділет министрлігі қызметінің тиімділігін, ашықтығын, және айқындығын арттыру, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру, осы органдардың қызметіне сенім денгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында қайтымды байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеліністердің алдын алу және оларды шешу мінтеттері басшылыққа алынған.

Биыл ақпан айында өткен Қоғамдық кеңестердің екінші республикалық мәжілісі барысында Қоғамдық даму министрі Дарxан Кәлетаев аталған ұйымның жұмысындағы кемшіліктерді айтып берді.

«Қазіргі кезде еліміздегі қоғамдық кеңестер ақсақалдар жиналысы сияқты. Себебі 60 жастан асқандардың үлесі 30 пайыздан артып жығылады. Бүгінде қоғамдық кеңестердің құрамында гендерлік тепе-теңдік мүлде сақталмаған. Бұл бағытта қызмет етіп жүрген ер азаматтардың саны айтарлықтай көп. Бұдан бөлек, жастардың үлесі бар болғаны 5 пайызды құрайды. Жалпы республика бойынша 229 қоғамдық кеңес бар. Былтыр олар 9 мыңға жуық нормативтік-құқықтық актілерді қараған. Алайда олардың 10 пайызына ғана түсініктеме жасалыпты. Министрдің пікірінше, әрбір мәселені қарастыруға бағытталған 10 күн аздық етеді», - деді Кәлетаев.

Ал Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Дәурен Бабамұраттың айтуынша, ІІМ-не байланысты Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің тарапынан 20-ның үстінде ұсыным берілген. Арызданушымен кері байланыс мәселесіне қатысты Қоғамдық кеңестің ұсыныстары бар екенін, әрі қазір осы ұсыныстардың барлығы қабылданып жатқанын айтты.

Осы атқарылған жұмыстарға қарап отырып Қоғамдық кеңестердің маңызын аңғаруға болады. Бұл тұрғыдан алғанда Қоғамдық кеңес мүшелерінің тәжірибесі мен білімін Министрлік қызметінің негізгі мәселелерін шешуде ұтымды және тиімді пайдалану керек. Қоғамдық куымдастықтар, азаматтар мен заңды тұлғалар бүгіңгі мемлекет жүргізіп отырған мемлекеттік саясат пен қоғамға қатысты өз ой пікірлерін қоғамдық кеңес арқылы жеткізе алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652