Сейсенбі, 31 Желтоқсан 2024
3612 1 пікір 17 Сәуір, 2019 сағат 15:09

Түркістан облысында кішкентай қыздарды өгей анасы қорлаған

Аталған  оқиғаны Білім және ғылым министрлігі арнайы тексеретін болды. Ауылдағы мектеп мұғалімі оқушының денесінен көгерген іздерді көріп, полиция шақырған.

Қазір таңда осы оқиғаға байланысты қылмыстық іc қозғалды. Қыздардың өгей анасы полиция бөлімшесіне жеткізілген.

«Сорақы жағдай тіркелді. Өгей анасы қыздарды ұрған. Пышақ, қысқыштан алған жарақатының іздері бар. Істі ҚР Бас прокуратурасы, ІІМ, БҒМ өз бақылауына алды. Дерек бойынша егжей-тегжейлі тергеу болып жатыр», – деп хабарлады министрлік.

Түркістан облысының білім басқармасы баланың үйде зардап шеккенін растады. Жапа шеккен қыздар әжесімен тұрып жатыр.

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың тапсырмасымен бүгін министрдің кеңесшісі Раиса Шер Түркістан облысына аттанды.

Дереккөз: «Айқын» ақпарат

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2124