Сенбі, 23 Қараша 2024
4212 1 пікір 18 Сәуір, 2019 сағат 10:57

Түркия сайлау комиссиясы Стамбұл мэрі сайлауында оппозиция өкілінің жеңіске жеткенін мойындады

Түркияның жоғары сайлау комиссиясы Стамбұл мэрі сайлауында оппозициялық Халықтық-республикашыл партия өкілі Экрем Имамоглудың жеңіске жеткенін мойындады. Бұл жөнінде Anadolu агенттігі хабарлайды.

Ел президенті Режеп Ердоған басқаратын биліктің әділеттілік және даму партиясы 1994 жылдан бері бірінші рет ірі сайлауда жеңіліс тапты.

Таяуда ғана билік партиясы Стамбұл мэрін сайлауды қайта өткізу жөнінде өтініш түсірген. Олар сайлауда әділетсіздіктер орын алды деп есептейді.

Түркияда қала әкімі сайлауы 31 наурызда өткен. Оған елдің 57 млн сайлаушысы қатысқан. Түркия астанасы Анкара мэрін сайлауда да оппозиция өкілі Мансур Яваш 50 проценттен астам дауыс жинап, жеңіске жеткен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435