Сенбі, 23 Қараша 2024
7130 3 пікір 18 Сәуір, 2019 сағат 16:44

Тарихи жәдігер «Жебелі қылшанның» таныстырылымы өтті

Бүгін, 18 сәуір Алматы облысы, Есік қаласындағы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара аясында шамамен IX-X ғғ. жататын қайың қабығы, ағаштан жасалған «Жебелі қылшанның» таныстырылымы өтті.

«Жебелі қылшанды» елімізге белгілі қалпына келтіруші (реставратор) Қырым Алтынбеков таныстырды. 2018 жылы жәдігер «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық зертханасында қалпына келтірілген болатын.

Тасқын Тойбаев, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі РМҚК директоры:

Мектеп деңгейіндегі балалар, жастар қазақ елінің тарихын, салт-дәстүрін, елдігін танып, ата-бабаларымыздан қалған мұраларды, мәдениетін санасына сіңіріп өсуі үшін ұлттық дүниетанымды қалыптастыруымыз қажет. Бұл бағытта музейіміз белестерді бағындырып келеді. Бүгін біз таныстырылымын жасап отырған «Жебелі қылшан» 2010 жылы «Есік» қорық-музейіне тапсырылған. Тапсыру кезінде бұйым ұсақ бөлшектелген күйінде берілген (105 дана). Бұдан соң біз жәдігерді 2015 жылы реставратор Қырым Алтынбековке көрсеткен болатынбыз. Реставратор бұл бұйымның қайың қабығынан жасалған қылшан екені анықтап, қайта қалпына келтірді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылғандай дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін тарихи жәдігерлердің маңыздылығын кейінгі ұрпаққа аманаттау музей қызметінде парыз.

Қырым Алтынбеков, белгілі қалыпқа келтіруші (реставратор):

Бұл жәдігер біздің қолымызға тиген кезде адамға түсініксіз бөлек-бөлек заттар болатын. Оның ішінде қайың қабығы, ағаш, қола, тері, жібек мата болатын. Мұның бәрі маңызды заттар. Әрбір жәдігер ақпарат тасушы. Біз сол тарихи жәдігерді зерттей отырып, тарихты жазамыз. Осының бәрін 2015 жылдан бастап осы биылға дейін ғылыми түрде зерттеп, құрастырып шыққанда, мінекей, осындай Қимақ уақытындағы қылшан шықты. Бұл Жетісу бойында көп кездесе бермейтін жәдігер.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, музей басшылары, елімізге белгілі археологтар мен ғалымдар қатысқан іс-шарада қылшанның тұсаукесерімен қатар «Ұлы даланың ұлы мерекесі – Наурыз» аталып өтті. Мереке аясында туризм және БАҚ саласындағы әріптестерге музей ісіне қосқан үлесі үшін арнайы марапаттар тапсырылды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443