Сенбі, 23 Қараша 2024
3069 0 пікір 22 Сәуір, 2019 сағат 11:18

Инвестициялық омбудсмен міндеттері Премьер-Министрге жүктелді

Қазақстанда инвестициялық омбудсмен міндеттері Үкімет басшысы Асқар Маминге жүктелді.

«Инвестициялар жөніндегі омбудсмен болып Қазақстанның Премьер-Министрі тағайындалғанын атап өту маңызды. Елімізде алдағы уақытта «Астана» ХҚО инвестицияларды тарту және Қазақстанның инвестициялық имиджін ілгерілету жөніндегі жұмысты үйлестіру бойынша бірыңғай орталық болып айқындалады. Ол Өңірлік инвестициялық хаб болады. Сол сияқты онда инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету және инвестициялық жобалардың бірыңғай пулын қалыптастыру орталықтандырылады. «Kazakh Invest» Акционерлік қоғамы «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігіне сенімгерлік басқаруға беріледі. Жобаларды қалыптастыру мен сүйемелдеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады. Заманауи цифрлық технологияларды енгізумен виза және көші-қон режімін одан әрі ырықтандыру бойынша шаралар қабылданатын болады», - деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Бірінші Вице-премьер Нұр-Сұлтан қаласы мен халықаралық қаржы орталықтары арасында тікелей әуе қатынастарының географиясы кеңейтілетінін айтып өтті.

«Жоғарғы сотпен және Бас прокуратурамен бірлесіп, инвестициялық климатты одан әрі жақсарту, инвесторлардың құқықтарын қорғау және заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Жаңа архитектура шеңберінде жобаларды жылжыту былайша болады: бірінші кезеңде - Өңірлік инвестициялық хабқа барлық әлеуетті инвестициялық жобалар орталықтандырылып жиналады. Екінші кезеңде - «Астана» Халықаралық қаржы орталығынан сарапшылар мен консультанттарды тарта отырып, «Kazakh Invest» базасындағы жобаларды өңдеу және талдау жасалады. Жобалар шетелдік инвесторлар үшін түсінікті форматтарға келтіріледі. Үшінші кезең - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қолдағы бар мүмкіндіктері мен Сыртқы істер министрлігінің инфрақұрылымын пайдалана отырып, қолданысқа дайын жобаларды жылжыту. Төртінші кезең - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының заңдық инфрақұрылымын пайдалана отырып, инвестициялық хаб базасында келісімшарттар жасасу», - дейді ол.

Елімізде Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408