Жұма, 29 Наурыз 2024
4178 1 пікір 22 Сәуір, 2019 сағат 13:48

"Ұлағатты ұрпақ" қорының қос бастамасына қолдау көрсетейік...

Қазақстанда тұңғыш рет "Ұлағатты ұрпақ" қоры Алматы облысы Білім басқармасының қолдауымен еңбек пәнінен облыстық олимпиада және  кәсіпкерлердің қолдауымен ұлттық құндылықтарды насихаттайтын демалыс күндерін ұйымдастырмақ, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. 

Еңбек олимпиадасы "Astra" компаниясының демеушілігімен 3 мамыр күні жаңадан құрылған Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылында өтеді.

Биыл тұңғыш ұйымдастырылып отырған олимпиадаға Талғар, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек жəне Ұйғыр аудандарының барлық мектептері қатыса алады.

Байқау шарттары:

Мектеп оқушыларының командамен жасаған төмендегідей макет жобалары қабылданады:

1) мал бордақылайтын фермалар;

2) жылы жай;

3) туристік база;

4) көкөніс сақтау қоймалары

5) ауыл шаруашылық машиналары.

Жасалған жобалар жұмыс үрдісінің бейнебаянын көрсету міндеттеледі.

Жүлде қоры: 1-орын – 150 000 тг, 2-орын – 100 000 тг, 3-орын – 70 000 тг, 4 -орын – 50 000 тг,  Ынталандыру – 25 000 тг (төрт командаға).

Өтетін жері: Нарынқол ауылы. Мəдениет үйі.

Күні: 03. 05. 2019 жыл.

Сағ: 11. 00.

Толығырақ мəліметті мына телефон арқылы біле аласыздар. 8 778 161 07 98

Бұл шара 5 мамыр мен 4 маусым аралығында Хантәңірі бөктерінде өтетін демалыс күндер маусымымен жалғасады.

Бұл шара қатысушылары таза ауада тынығып, тыныштықта демалуға, табиғат аясында серуендеуге мүмкіндік алады.

Берекесі мен ынтымағы жарасқан ауылда бес күн бойы ұлттық құндылықтың қасиетін түсініп, қазақы дәстүрді үйренуге мүмкіндік жасалады.

Шараға қатысушы адам қой союды, ет жіліктеп, табақ тартуды, ең бастысы – бата беруді үйреніп, руxани байып қайтады.

Егер сіз:

Салт-дәстүрдің маңызын терең түсінгіңіз келсе;

Қой сойып, ет жіліктеуді үйренгіңіз келсе;

Табақ тартуды білгіңіз келсе;

Тауға шығып серуендеп, көне тариx сырына үңілгіңіз келсе,

Жай ғана ауылды сағынсаңыз, демалысыңызды "Ұлағатты ұрпақпен" бірге өткізіңіз.

Бес күндік демалыс құны – 18 000 тг.

Тіркелу үшін байланыс нөмірлері (WhatsApp):

8 701 819 20 82, Нұрбол;

8 707 900 60 67, Руслан;

8 778 161 0798, Жансұлу.

Түскен қаражат Райымбек ауданы бойынша сал (ДЦП) ауруына шалдыққан балалардың еміне жұмсалады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576