Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
4023 4 пікір 23 Сәуір, 2019 сағат 11:25

Порошенко келесі сайлауларда жеңіске жетуді көздеп отыр

Киев қаласындағы Украина президенті әкімшілігінің ғимараты алдында "Рахмет, Петр" акциясы өтті. Оған қатысушылар Петр Порошенконың мемлекет басқарған уақытта жүргізген реформалары үшін рахметін айтты.

Бірнеше мың адам жиналды. Әкімшілік қызметкерлері қақпаны ашты, халық ғимараттың өзіне мейлінше жақын келді.

Жақтастары алдына шыққан Пётр Порошенко қолдау көрсетушілерге алғысын айтып, олардың бірлігі болашақта жаңа жеңістерге жетелейтінін мәлімдеді. "Украинская правда" газеті Порошенко сөздерін таратты:

"Біз бірге парламент сайлауларында жеңіске жетуге барамыз. Біз бірге келесі сайлауларда Банка көшесіне қайта ораламыз", – деп мәлімдеді Порошенко. Банка көшесінде Украина президенті әкімшілігінің ғимараты орналасқан.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 973
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2487
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 676
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 647