Сенбі, 23 Қараша 2024
3818 8 пікір 23 Сәуір, 2019 сағат 11:34

Иран АҚШ-тың мұнай импорты жөніндегі шешіміне жауап қайтарады

Тегеран АҚШ-тың 1 мамырдан бастап Иранның бес елге - Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея және Түркияға мұнай және газ конденсатын импорттауға уақытша рұқсаттан бас тартуына жауап қайтаруға дайын. Бұл туралы Иранның мұнай министрлігіндегі дереккөзге сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлады.

Бұл елдерге мұнай сатуға қатысты рұқсат өткен жылы күзде шығарылған.

Иранның революция ұланы АҚШ-тың әрекетіне жауап ретінде Тегеран Ормуз бұғазын жауып тастауы мүмкін екендігін ескертті.

АҚШ-тың мамыр айынан бастап Иранға бес елге мұнай және газ конденсатын импорттауға уақытша рұқсаттан бас тартқаны туралы мәлімдеме Ақ үйдің сайтында жарияланды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның айтуынша, мақсат – Иран мұнайының импортына тосқауыл қою. Помпео қараша айында енгізілген санкциялардан соң Тегеран "миллиардаған доллар" пайдадан қағылған.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377