«Nur Otan» съезі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бекітті
«Nur Otan» партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Айта кетейік, партия съезінің жұмысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент палаталарының төрағалары Дариға Назарбаева мен Нұрлан Нығматулин, Премьер-Министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, депутаттар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, дипломатиялық корпус өкілдері, өңірлерден келген 627 делегат, жалпы 1500-ден астам адам қатысып отыр.
Жиында Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынды.
Еске салсақ, 10 сәуірде Елбасы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды. Сол күні Нұрсұлтан Назарбаев партияның орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен кеңес өткізді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Abai.kz