Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
5020 1 пікір 24 Сәуір, 2019 сағат 10:46

Өзбекстан мигранттарды шетелге жеткізетін автобустар сатып алады

Өзбекстан жалпы құны шамамен 20 млн долларға жолаушы автобустарын сатып алуды көздеп отыр.

Мұны сатып алудағы мақсаттардың бірі - Өзбекстан азаматтарын шетелге уақытша еңбек қызметіне дін аман жеткізу.

Техниканы сатып алу Қытай мемлекеттік даму банкі займы есебімен жүзеге асырылады. Қытай банкі Өзбекстан Ұлттық банкімен келісімге отырды.

19,9 миллион доллар займ Uzautotrans Service компаниясына жолаушы автобустарын сатып алуға беріледі. Құжатта автобустардың қайдан және қаншаға алынатыны айтылмаған, бірақ олар қытайда өндірілген болуы мүмкін деп жазды жергілікті ақпарат құралдары.

Кәсіпорын жылына 818 мың адам тасиды деп жоспарланған, 30 халықаралық бағыт ашылады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 956
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2460
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 661
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639